Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, елордада бастапқы кезеңде екпе №2, №4, №6, №7, №9 қалалық емханаларында жүргізіледі. Бірінші кезеңде тәуекел тобына жататын медицина қызметкерлері вакцинацияланады. Айта кетейік, коронавирусқа қарсы вакцина тегін салынады және кез келген адам вакцинадан жазбаша түрде бас тартуға құқылы.