Бас санитария дәрігері мен денсаулық сақтау вице-министрі вакцина салдырды

Вакцинация Нұр-Сұлтандағы №6 қалалық емханада өтті. Алдымен денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері Ерлан Қиясов пен Ажар Ғиният дәрігерге қаралды. Екпе алғаннан кейін олар 30 минут бойы дәрігерлер бақылауында болды.