15 маусымнан бастап Алакөлге баратын “Алматы – Достық” бағытындағы жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпаратынша, пойыз аптасына екі рет жүреді. Сонымен қатар 18 маусымнан бастап “Алматы-Достық” бағыты бойынша тағы бір жолаушылар пойызын шығару жоспарланып отыр. Ол аптасына 3 рет қатынайды. Ведомство ақпаратынша, жолаушылар ағыны артқан сайын тіркемелі вагондардың саны әлсін-әлсін көбейеді.