Ұлттық қор: министр болашақ ұрпақтың ақшасы қаншаға өскенін айтты

Қаржы министрі Ерлан Жамаубаев ұлттық қордағы қаржының қалай өскенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. “Биыл 1 маусымдағы жағдай бойынша Ұлттық қордың активтері 27,6 триллион теңгені құрап отыр. Соның ішінде 58,5 миллиард доллар көлеміндегі валюталық портфель бар”, – деді Жамаубаев онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуінде. Министрдің айтуынша, 2020 жылда қордың қаржысы 744 миллиард теңгеге өскен. Айта кетейік, 2000 жылы Қазақстанда Ұлттық қор құрылған болатын. Онда мұнай саудасынан түсетін қаржы жинақталады. 2019 жылы перезидент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қордан алынатын қаржыны қысқартуды тапсырды. Себебі бұл – болашақ ұрпақтың ақшасы.