Бүгіннен бастап Қонаев-Алматы бағытында пойыз қатынайды

“Жолаушылар тасымалы” АҚ іске қосқан пойыз күн сайын Қонаевтан таңғы 6-да жүреді. Ал Алматы стансасынан кері қарай сағат 19.00-де жүреді. “Дизельді теміржол пойызының жол жүру уақыты – 1 сағат, 17 минут, – деп хабарлайды “Қазақстан темір жолы”. Бұл бағытты қаржыландыру жыл соңына дейін Ұлттық тасымалдаушы есебінен жүзеге асырылады. Қазір аталған бағытта тасымалдаушының шығындарын субсидиялау бойынша 2023 жылға тендер өткізу жүргізіп жатыр.