Ақтөбеде оқушыларға манту сынамасы орнына туберкулезге қарсы тірі вакцина салынған

Соның салдарынан қырық екі 1-сынып оқушыларының жағдайы күрт нашарлаған. Осы оқиғадан кейін медбике мен дәрігер жұмыстан кетті. Балаларда инъекция орны ісіп, іріңдеп кеткен. Ұзақ жылдық тәжірибесі бар медбике ампулаларды шатастырып алғаны белгілі болды. Бұл туралы “КТК” арнасы хабарлайды. Мектепке мемлекеттік тапсырысты жеңіп алған жеке клиника қызмет көрсеткен. Іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. “Бүгінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұйрығымен “Медикус-орталығының” бас дәрігеріне қатаң сөгіс жарияланды. Балалар бақылауда. “Медикус-орталығына” бекітілген барлық мектеп Қарғалы ауруханасына берілді”, – деді Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан Түлкібаева.