БҚО-да 11 жастағы қызды бірнеше рет зорлады деген күдікті ұсталды. Оқиға Теректі ауданындағы қыстаулардың бірінде 2016 жылдың жазында болған. Алайда бұл қылмыс туралы енді белгілі болды деп хабарлайды “Мой ГОРОД” басылымы. Былтыр күдіктіге қатысты ҚК-нің 121-бабына сәйкес “Кәмелет жасына толмағандарға қатысты сексуалды зорлау әрекетін жасау” дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. “Тергеу барысында жаңа жағдайлар анықталды. 33 жастағы ер адам қызды бірнеше рет зорлаған. Ол кезде қыз 11 жаста болған, қазір 15-те”, – деді полициядағылар. Қазір ер адам изоляторда. Тергеу жүріп жатыр.