Зейнетақыдан қанша ақша алуға болатынын енді сайттан қарауға болады

Еліміздің тұрғындары енді зейнетақыдан қанша қаражат алуға болатынын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының сайтынан қарау мүмкіндігіне ие болды деп жазады inbusiness.kz. Зейнетақы қорының сайтындағы жеке кабинетте жаңа “терезе” пайда болды, онда емделу немесе баспана сатып алу мақсатына қанша сома алуға болатыны көрсетілген. Сондай-ақ, жеке кабинетіңізден өзіңіздің “жеткіліктілік шегіңізді” (шотта қанша ақша қалуы керектігін / әр жас санаты үшін әр түрлі) және ЖТС (жеке табыс салығы) төлемін (егер оны бірден төлеу қажет деп тапсаңыз) ескере отырып алуға болатын қаражат көлемін біле аласыз. Естеріңізге сала кетейік, 2 қаңтарда Мемлекет басшысы “Экономикалық өсімді қалпына келтіру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заңға қол қойған еді. Аталмыш заң 1 миллионға жуық қазақстандыққа өз шотында артылған қаражатты алуға мүмкіндік береді.