Батыс Қазақстан облысының үш ауданы мен Орал қаласында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялады. Жедел қызметтің мәліметі бойынша, еріген судың тасуы салдарынан 14 елді мекенге қатынас тоқтаған. Аймақта қауіп күшейді. Алты ауданды су басуы мүмкін. Батыс Қазақстанға Атырау мен Маңғыстау облыстарынан құтқарушылар аттанды.