Пияз экспортына тыйым алынбайды

Қазақстан пияз экспортына салынған тыйымды әзірге алып тастамайды. Бұл туралы вице-премьер – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. “Біз бұл мәселені әзірге қарастырып жатқан жоқпыз. Сауда комитетінің мәліметінше, жиналған деректер елде орта есеппен 68 мың тонна пияз барын көрсетті. Бізге наурыз-сәуір айларына 40 мың тонна пияз қажет”, – деді Жұманғарин. Еске салсақ, Қазақстан 28 қаңтардан бастап пияз экспорттауға үш айға тыйым салған болатын. Ал наурыз айының басында қазақстандық шаруалар қоймалардағы пияз шіріп жатқанына шағымданып, тыйымды алып тастауды сұрады.