Елордадағы көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде терезеден салбырап тұрған үш эасар баланы 37 жастағы Сәбит Шонтақбаев құтқарған болатын. Сол сәтте оның жанында болған досы Сағи Сәбиттің аяғын ұстап тұрған. Сәбит Шонтақбаев «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталып, үш бөлмелі пәтер сыйланды. Артынша қазақстандықтар желіде жанында болған досы да мұндай құрметке лайық екенін жазып жатты. Осылайша Сағиға құрылыс компаниясы екі бөлмелі пәтер сыйлады. Ал Нұр-Сұлтан полициясы ата-аналарға қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.