Құқық қорғаушы Алматыда 1-сынып оқушысының зорланғанын мәлімдеді

Оны мегаполистегі жекеменшік мектептердің бірінің оқушылары бірнеше күн қатарынан зорлаған. Бұл туралы құқық қорғаушы Дина Смайылова әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. “7-сыныптың үш оқушысы бірінші сыныпта оқитын ұл баланы бірнеше күн бойы алып кетіп, сабақ кезінде дәретханада зорлаған! Мұғалім баланы жібере салған және одан қорқынышты ештеңе көрмеген!”, – деп жазды қоғам белсендісі. Баланың әкесі полицияға хабарлап, арыз жазған. Зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізетін “НеМолчиKZ” қорының негізін қалаушы Дина Смайылова президентке ашық хат жолдап, кінәлі адамдарды жауапқа тартуға ықпал етуді сұрады. Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов өзінің Telegram-каналында осы дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады,- деді. Тергеу барысын қадағалау үшін процессуалдық прокурор тағайындалды.