Бұл туралы Sputnik Қазақстанға санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде айтты. Ведомство хабарлауынша, бас санитарлық дәрігер қаулысына сәйкес, мектепке дейінгі ұйымдар, оқу-өндірістік комбинаттар, білім беру орталықтарының қызметкерлері вакцина салдыруға міндетті. Бұл соңғы үш айда коронавируспен ауырған және медициналық тұрғыдан вакцина алуға болмайтындарға қатысты емес. “Қаулыда мектепке дейінгі ұйымдарға баратын бүлдіршіндердің ата-анасын вакцина алуға міндеттеу туралы жазылмаған”, – деді комитетте.