Солтүстік Қазақстан облысында кішкентай қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды.

“Криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары кезінде кішкентай қызға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен облыс орталығының тұрғынын ұстады”, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ер адам қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Еске салсақ, Петропавл қаласында осы апта ішінде екі зорлау дерегі тіркелді. Екі жағдайда да күдіктілер “ізін суытпай” ұсталды. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.