Елімізде білім беру мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Мемлекет басшысы Заңға қол қойды. Енді балаларға қосымша білім беру ісі мемлекеттік тапсырыс аясында жекеменшік мекемелерде де ұйымдастырылатын болады. Сондай-ақ балабақшалар, мектептер мен колледждердің бес жыл сайын аттестациядан өтуі көзделген деп хабарлайды KAZ.NUR.KЗ. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.