Балабақша, мектеп және колледждер аттестациядан өтуге міндеттеледі

Елімізде білім беру мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Мемлекет басшысы Заңға қол қойды. Енді балаларға қосымша білім беру ісі мемлекеттік тапсырыс аясында жекеменшік мекемелерде де ұйымдастырылатын болады. Сондай-ақ балабақшалар, мектептер мен колледждердің бес жыл сайын аттестациядан өтуі көзделген деп хабарлайды KAZ.NUR.KЗ. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.