Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық соты өткен жылдың желтоқсан айында көшедегі банкоматты жарып, ішінен 19,2 миллион теңге немесе 45 мың доллар ұрлап кеткен екі ер адамға қатысты үкім шығарды. 2020 жылдың желтоқсан айында екі ер адам алдын ала келісім бойынша газ бен оттегіні пайдаланып, көшедегі банкоматты жарып жіберді. Осылайша 19 миллион 276 мың теңгені қолы етті. Ұрланған ақшаны өзара бөлісіп, бизнеске салады. “Сот үкімі бойынша Ж. қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Қылмыстың қайталануын ескере отырып, ол бес жылға бас бостандығынан айырылды. М. де қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Қылмыстық кодекстің 63-бабы бойынша – үш жас баласының болуы, келтірілген зиянды өтеуі есебімен бес жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айырылды”, – деп хабарлады сот.