Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосу ұсынылды

Қазақстан халық партиясының мәжілістегі фракциясы жаңа тұрғын үй бағдарламасын қолға алуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. “Жер үй” бағдарламасын іске қосу қажет деп санайды”, – дейді депутат Айқын Қоңыров. Осы орайда фракция мүшелері мемлекет кепілдік беретін облигацияларды шығарып, оған БЖЗҚ ақшасын салуды ұсынып отыр. Соның есебінен аумақтарды абаттандырып, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге болады. Осылайша жер телімдерін тездетіп үлестіруге мүмкіндік бар. “Бұл көптеген қазақстандықтың жеке үй салу туралы арманын ақиқатқа айналдырып, тұрғын үй саласындағы жағдайды түбегейлі өзгертуге мүмкіндік береді. “Жер үй” тұрғын үй бағдарламасы қажетті құрылыс материалдарының, ілеспе тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің отандық өндірісін дамытумен қатар іске асырылуға тиіс”, – деп атап көрсетті депутат.