Қазақстанда банктердің көпшілігі лимиттің толық игерілуіне байланысты «Баспана Хит» жеңілдікті ипотекалық бағдарламасына өтінімдер қабылдауды тоқтатты. Бұл туралы бүгін, 23 маусымда ЦентрКредит банкінде хабарланды. Басқа банктерде жағдай мынадай: – Jysanbank тек Jysanbank және ATFБанк жалақы жобаларына қатысушылардың өтініштерін қабылдайды (банктер бірігіп жатыр); – Bank RBK өтінішті тек «Базис-А» нысандарындағы үлестік құрылысқа қатысушылардан қабылдайды.