Еуро-2020: Ресей құрамасы Даниядан ойсырай жеңілді

Футбол додасының үшінші кезеңінде Ресей құрамасы Даниядан ойсырай жеңілді. 1:4 есеппен Ресей жарыс жолынан шығып қалды. Финляндия да Бельгия құрамасынан айласын асыра алмай, 0:2 есебімен есе жіберді. «Ц» тобында Нидерланд Солтүстік Македонияны сенімді түрде 3:0 есебімен жеңді. Украина Австрияға қарсы терезесі тең ойын көрсеткенімен 0:1 есебімен ұтылды. Бірінші таймда басынан жарақат алған Кристоф Баумгартнер жалғыз гол авторы атанды. Бірақ украиналықтардың келесі кезеңге шығатыны немесе шықпайтыны үшінші кезең матчтары толық аяқталғаннан кейін белгілі болады.