Бас прокуратура 19 наурызда өтетін жәжіліс және мәслихаттар депутаттарын сайлау алдындағы тыныштық күні талаптарын еске салды. “Бүгін сағат 24:00-де сайлау алдындағы үгіт жұмыстарының кезеңі аяқталады. Ертең, 18 наурызда және дауыс беру күні – 19 наурызда кез келген үгітті жүргізуге тыйым салынады. 14 наурыздан БАҚ-та сауалнама нәтижелерін, сайлау нәтижелерінің болжамдарын, сайлауға, кандидаттарды қолдауға дауыс беруге байланысты өзге зерттеулерді жариялауға да жол берілмейді”, – деді бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев.