Батыс Қазақстан облысында балабақша карантинге жабылды

Телеарна мәліметінше, жоспарлы операция алдындағы тексеріс барысында 3 жасар баладан коронавирус белгілері анықталған, – деп хабарлайды “Хабар 24”. Осыған байланысты баламен үйде және балабақшада қарым-қатынаста болғандар да коронавирусты анықтауға тест тапсырған.