Венадағы терактілерде Қазақстан азаматтары зардап шеккен жоқ

Айта кетейік, Венаның алты бөлігінде қаруланған бірнеше адам оқ атты. Оқиға 2 қараша кешке болды деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. . Қаруланған белгісіз адамдар синагога, мейрамханалар және еврейлер орталығы орналасқан – халық шоғырланған ауданға шабуыл жасады. Шабуыл салдарынан екі адам қайтыс болды. 15 адам жарақат алды, оның жетеуінің жағдайы ауыр. Оның біреуі – полиция қызметкері. Қарулы күш өкілдері шабуыл жасағандардың біреуін атты. Тағы бір адам қашып кетті. Оны ұстау үшін арнайы операция құрылды. Австрия ІІМ оқиғаны теракт деп атады және тұрғындардан көшеге шықпай, үйде отыруды сұрады.