“Доксури” супер тайфуны әуежайға осындай зардабын тигізді. Су басқан аумақтың бейнежазбасын Sky News жариялады. Әуе айлағындағы мұндай су тасқыны бұрын-соңды болмаған оқиға. Бейжіңде тайфуннан жиырмаға жуық адам қаза тапты. ҚХР төрағасы Си Цзиньпин жергілікті билікке су құрсауында қалған адамдарды құтқаруды және адам шығыны мен материалдық шығынды азайтуға бақытталған шаралар қабылдауды бұйырды. Елде теміржол вокзалдары жабылды. Эвакуацияланған адам саны 52 мыңнан асады.