Алматыда жасөспірім видео үшін көшедегі егде адамды ұрған

Жігіт қарт кісіге жақындап, бірнеше рет соққы жасаған. Содан ер адам жерге құлап түскен. Әлеуметтік желіде осындай видео пайда болды. Мұның бәрін тағы біреуі видеоға түсіріп тұрған. Алматы полициясы деректі ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы “Бұзақылық” бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөліміне тіркеп, тергеп жатқанын хабарлады. “Осы қылмысты жасады деген күдікпен кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталды. Басқа да мән-жайы анықталып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды”, – деді полицейлер.