Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті алматылық департаментті басқаратын маман іздеп жатыр. Бос лауазымға орналасуға ниет білдіргендер ішінде бір ғана үміткер барлық талапқа сай болып шықты. Ол – қазір Алматы қаласы Медеу аудандық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарып жүрген Қасымхан Алпысбайұлы. Кандидатпен әңгімелесу бүгін ZOOM қосымшасы арқылы бейнебайланыс түрінде өтеді. Еске сала кетейік, биыл қаңтардың басында Жандарбек Бекшин санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы қызметінен кетті. Ол зейнетке шықты.