Министрлік тұрғын үйді жалға алу құнының жартысын төлеу тетігін әзірледі

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми сайтында жарияланды. Баспанаға аса мұқтаж азаматтарға мемлекет 50 процент тұрғын үй көмегін береді. Қалғанын көмек алушы өзі төлейді. Жеке тұрғын үй қорынан берілетін төлем табысы күнкөріс деңгейінен төмен, жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған азаматтарға беріледі. Бүгінде елімізде әкімдіктегі үй кезегінде тұрған мұндай 70 мың адам бар. “Олар: көпбалалы отбасылар, 1 және 2 топтағы мүгедектер, мүгедек балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Оператор ретінде “Отбасы банкін” анықтау ұсынылды”, – делінген хабарламада. Вдемоство мәліметінше, бұл бағдарламаға бюджеттен 50 млрд. теңге қажет.