Беларусь тарапы шешімін Құрманбек Бакиевті отанында саяси қудалау қаупі төніп тұрғанымен түсіндірді. Қырғызстанның Бас прокуратурасы елдің экс-президентін жауапқа тарту үшін Беларусь тарапына төрт рет өтінішпен жүгінген. Айта кетейік, Құрманбек Бакиев 2005 жылғы “Қызғалдақ революциясынан” кейін Қырғызстан президенті болып сайланған еді. Алайда 2010 жылғы Сәуір революциясы кезінде ол қызметінен алынып, кейін отбасымен бірге елден кетіп, Беларусьтен саяси баспана алды. Бакиевке қарсы шерулер кезінде 90 адам қаза тапқан. Бүгінді Қырғызстанда Бакиевтің үстінен бірнеше іс қозғалып, ол сырттай 30 жылға сотталған.