Маңғыстауда сұйытылған газ бағасын заңсыз көтергендер анықталды

Бұл туралы Маңғыстау облысының прокуратурасы мәлімдеді. “Прокурорлық шаралардың нәтижесінде 54 автогазқұю станцияларының иесіне, газ өңдеу зауытына айыппұл салынды. 60 миллион теңгеден аса сомаға монополиялық табыс тәркіленді. Бұдан басқа, арнайы бағдарламалардың көмегімен электрон сауда алаңдарының қорытындыларын бұрмалау үшін сұйытылған мұнай газы нарығындағы субъектілердің сөзбайласуы анықталды”, – делінген хабарламада. Ведомство мәліметінше, бүгінде кінәлі тұлғаларға қатысты қылмыстық іс рақымшылық актісі бойынша тоқтатылды.