Беларусьте сайлау учаскелері жабылғаннан кейін наразылық акциялары болды

Беларусьте сайлау учаскелері жабылғаннан кейін наразылық акциялары болды. Бірнеше қалада жаппай тәртіпсіздік белең алды. Минскідегі “Минск – город-герой” стеласының және Жеңіс алаңының алдында мыңдаған наразы топ жиналған деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Көшеге шыққандарға күш құрылымдары резеңке таяқ пен бұрышты баллон және жарық-шулы граната мен суатқыш қолданған. Содан кейін ғана демонстранттар таратылды. Арнайы операцияға ОМОН және ішкі әскер қатысты. Ел тұрғындары интернет пен мобильді байланыстан ажыратылды. Тіпті мемлекеттік БАҚ-тың сайттары жұмыс істемей қалды.

Еске салайық, мемлекеттік экзитполдың деректері бойынша, Александр Лукашенко президент сайлауында 79,7 пайыз, ал оның негізгі қарсыласы Светлана Тихановская 6,8 пайыз дауыс жинаған.