Тоқаев “Абай – рухани реформатор” деген мақала жариялады

Тоқаев “Абай – рухани реформатор” деген мақала жариялады. Мақала “Егемен Қазақстан” газетінде жарияланды. “Келер жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеміз. Кезінде ұлы ойшылды толғандырған кейбір келеңсіздіктер қоғамда әлі де кездеседі.

Өкінішке қарай, Абай айтқан “бес дұшпаннан” толық арылып болған жоқпыз. Азаматтарымыздың арасында жалқаулық пен сөзқуарлық жиі кездесетіні қынжылтады. Бұлар бұрынғыша тойқұмарлықтан тартынбай, күнделікті тынымсыз тірлікті дәріптеудің орнына, әрбір қоғамдық оқиғадан саяси астар іздейді де отырады.

Абай халықты той тойлауға емес, еңбек етуге, рухани кемелденуге үндеді. Абайдың ұлағаты әлі күнге дейін маңызын да, құндылығын да жоғалтқан жоқ делінген мақалада.