Беларусь ішкі істер министрлігі Минскідегі жаппай наразылық акциялары салдарынан бір адамның қаза тапқанын ресми түрде мәлім етті.Беларусь ІІМ өкілі Ольга Чемоданованың айтуынша, ер адам арнайы жасақ сарбаздарына жарылғыш зат лақтыруға талпынған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ..
Алайда аталған зат оның қолында жарылып, азамат ауыр жарақат алған. наразылық білдірушілер арнайы жасақ сарбаздарына “Молотов коктейлдерін” лақтырған. Олар ел астанасындағы ірі дүкендердің бірінің алдында баррикада құрған, кейіннен сол жерде жарылыстар есілген. Құқық қорғау органдары наразылық білдірушілерді жарық-дыбыстық граната, көз жасаурататын газ және резеңке оқтардың көмегімен таратуға тырысуда. Айта кетейік, Сайлау қорытындысында ең көп дауыс жинаған Лукашенко.