Америкалық Apple компаниясының басшысы Тим Кук долларлық миллиардер атанды

Америкалық Apple компаниясының басшысы Тим Кук долларлық миллиардер атанды.Bloomberg агенттігінің ақпарынша, Apple акцияларының бағасы өсуіне байланысты Куктың қаржылық жағдайы миллиард доллардан асып түскен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. .

Алайда, әзірге нақты сома көрсетілмей отыр. Айта кетейік, өткен аптаның ішінде Нью-Йорк қор биржасында Apple акцияларының бағасы 5 пайызға жуық өскен. Қазіргі уақытта компанияның капиталдандыру сомасы 1,9 трлн доллардан асады. Куктың қаржылық жағдайын бағалау ашық дереккөздердің ақпараттары негізінде жүргізілді.

Дегенмен, агенттік мамандары шын мәнінде Apple басшысының қаржылық жағдайы миллиард доллардан аз болуы мүмкін деген болжам жасауда. Себебі ол ірі сомада анонимді қайырымдылық шарасын жүзеге асыруы мүмкін.