Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жанармайдың бағасы 187 теңгеден аспайды. Қалған аймақтарда Аи-92, 93 маркалы бензиннің литрі 182 теңге шегінде қалады. Энергетика министрлігі жанар-жағармайдың бөлшек саудадағы 6 айға арналған шекті бағасын бекітті. Дизель отынының құны өзгермейді. Ал АИ-95 маркалы жанармайды министрлік бұдан әрі реттемейтін болды. Оның өндірісіне көп мөлшерде жоғары октанды құрам қажет. Импортты мұнай өнімдерінің бағасы әлемдік шикізат бағамына тәуелді.