23 қыркүйекте Қазақстанда 2 537 адамның анализінен коронавирус анықталды. Бейсенбі күні 3673 адам коронавирустан жазылған. Денсаулық сақтау министрлігінің жұма таңертеңгі хабарламасында осындай мәлімет бар. Індет басталғалы бері 872 мың адамның ПТР тесті оң шыққан. 10 953-і қайтыс болған. 22 қыркүйекте 40 адам көз жұмды. Қазақстанда пневмонияның коронавирусқа ұқсас түріне шалдыққандар 2020 жылдың 1 тамызынан бері есепке алынып келеді. Былтыр Қазақстанда жазда жиі кездеспейтін өкпенің қабынуы өршіген кезде ДДСҰ “өлім қаупі жоғары қазақстандық пневмония” – дұрыс анықталмаған Covid деп мәлімдеген.