Жамбыл облысында ауылдардың бірінде “вакцинаның жалған паспортын 15 мыңнан сатқан”

Қаржылық мониторинг агенттігі Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы вакцинаның жалған паспортын сатқандар анықталды деп хабарлады. Ондағы ақпаратқа қарағанда, 30 паспорттың қолдан жасалғаны анықталып, “қылмыстың жолы кесілген”. “Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментіне Жамбыл ауданы Аса ауылының емханасында материалдық сыйақы үшін жалған вакцина паспорттарын заңсыз ұсынғаны туралы шағым түсті. Тексеру барысында департамент қызметкерлері аталған емханада COVID-19 қарсы вакцинация паспортын нақты екпесіз 15 мың теңгеге беру дерегін анықтады” делінген агенттік хабарламасында. Қазір тергеу амалдары басталған.