Мемлекеттік айыптаушы Санат Талқанбаев экс-денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақта отыру мерзімін тағы 2 айға, яғни 14 қыркүйекке дейін ұзартуды талап етті, деп хабарлайды «Хабар 24». Прокурордың айтуынша, бұл уақыт қылмыстық іс материалдарымен танысу үшін қажет. Сондай-ақ ол Біртановтың сот белгілеген шектеулерді бірнеше рет өрескел бұзғанын еске салды. Және ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен мемлекетке 1,5 млрд теңгеге залал келтірілгенін де айта кетті. Еске салайық, 7 шілдеде Біртанов пен оның орынбасары Олжас Әбішевке қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Қылмыстық іс материалдары 133 томнан тұрады.