Оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Каринова осылай деді. Бұл күні барлық мектепте әдеттегідей сабак кестесіне сәйкес оқу сабақтары жүргізіледі. Оқу сабақтарының соңында әр сынып жетекшісі сынып сағатын өткізеді. Әр мектеп салтанатты линейка өткізу сұрақтарын, соңғы коңырауды өткізу туралы шешімдерді дербес қабылдайды. Сонымен қатар, оқу-ағарту министрлігі соңғы қоңырауды өткізуге қатысты мектептердің осыған дейінгі бар дәстүрлерін қолдайды. Соңғы қоңырау өткізілген жағдайда министрлік бұл іс-шараны 1 маусым күні – Балаларды қорғау күніне орайластырып өткізуді ұсынды, – деді Шолпан Каринова.