1 шілдеден бастап тұрмыстық зорлық құрбаны арыз түсірмесе де, полиция іс қозғайды

Бұл туралы әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақмарал Серікбаева айтты. Қолданыстағы заңнамаға
сәйкес, полиция қызметкері өтінішсіз «уй тирандарын» жауапқа тарта алмайды. Сүйтіп «агрессорлардың» тек 17%-ы ғана жазаланды. Сондықтан статистика бойынша бұрын болған тұрмыстық жанжалдардың 12%-ы қайталанады. Елдің қылмыстық және әкімшілік кодекстеріне түзетулер езірледік. Хаттама жасау үшін куәгерлердің, көршілердің айғақтары, бейнебақылау камералары мен бейнетіркегіш жазбалары жеткілікті болады. Соңғы шешімді сот қабылдайды. Тараптарды қайта татуластыру мүмкіндігі алынып тасталады”, – деді aға инспектор Акмарал Серікбаева.