Экология министрі Серікқали Брекешев осылай деп айтты. Министр кәдеге жарату төлемдері бойынша алынатын барлық сомадан шамамен 12 миллиард теңге қатты тұрмыстық қалдықтар мен автокомпоненттерді жинауға, тасымалдауға және қайта өңдеуге кететінін мәлімдеді. “Одан бөлек, істен шыққан автокөлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жаратуға шамамен осындай қаражат кетеді. “Жасыл даму” өзінің инвестициялық саясаты негізінде жұмыс істейді”, – деді министр. Айта кетейік, 23 мамырдан бастап қазақстандықтар утильалымы төленбеген көліктерін төмендетілген мөлшерлемемен тіркей алады.