Роман Скляр Қазақстандағы машинақұрылыс саласы туралы пікір білдірді

“Машинақұрылыс саласы бойынша нақты шара қолдану керек деп айтылған сөздің барлығы популизм. Қазақстан машина жасап шығара алмайды деген пікірмен мүлде келіспеймін”, – деді премьер-министрдің орынбасары. Склярдың айтуынша, елімізде бұл саланың болашағы бар. Сол себепті Қазақстан жаңа өндіріс көздерін ашуы қажет. “Энергетикалық мұнай-газ машина жасау жолдарын да ескеруіміз керек. Бұл үшін бізде барлық мүмкіндік бар. Елде осы шаруамен айналысатын адамдар да аз емес. Профильді білім алып, осындай кәсіпорындарда жұмыс істей алатын жастар бар. Мұның мультипликативті әсері болуы тиіс”, – деді вице-премьер.