Болат Ақшолақов мамандығы бойынша – экономист. Еңбек жолын 1994 жылы бастаған. 1995-1997 жылдары Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің активтерді басқару бөлімінің маманы, бөлім бастығы, директордың орынбасары қызметін атқарды. 2012-2014 жылдары – ҚР Мұнай және газ вице-министрі. 2016 жылдың ақпан айынан бастап – “KAZENERGY Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры. “Құрмет” орденімен марапатталған.