Мұндай шара әлемде омикрон штамының таралуына байланысты қабылданған. Ертеңнен бастап осы елге келген вакцина салдырмаған туристер 5 күн карантинге жабылады. Содан кейін ПТР-тест тапсырады. Бұған дейін туристер тек Бразилияға ұшар алдында ПТР-тест тапсырып, оның нәтижесін осы елдің реттеуші органына тапсыруы тиіс болатын. Елде шетелдіктер үшін мейрамхана, дәмхана және қонақүйлерде ковид-төқұжаты талап етіледі.