Министрлік елде қалдықтарды сұрыптап жинау талаптарын бекітті

Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушы Ахметжан Пірімқұловтың бұйрығымен барлық қалдықтар “дымқыл” және “құрғақ” боп екі топқа бөлінген. Құжатта электронды және электр жабдықтары, құрамында сынабы бар қалдықтар, батареялар, аккумуляторлар және басқа да қауіпті компоненттері бар қалдықтар бөлек жиналып, мамандандырылған ұйымдарға қалпына келтіруге берілетіні айтылған. Қоқыс контейнерлеріне жанып тұрған, ыстық қалдықтарды, ірі көлемді қалдықтарды, қар мен мұзды, адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін заттарды тастауға тыйым салынады. Бұйрық биыл 19 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.