Бразилияда вакцина сынағына қатысқан ерікті бақилық болды

Бразилияда вакцина сынағына қатысқан ерікті бақилық болды. Еріктінің қайтыс болу себебі айтылмай отыр. Ол плацебо қабылдады ма, әлде оған препарат ұсынылды ма белгісіз. Өйткені дәріні әзірлеумен айналысқан Астра Зенека компаниясы бұл жағдайға қатысты түсініктеме беруден бас тартты. Ал Оксфорд университетінің өкілдері препарат қауіпсіз, сынақ жұмыстары жалғасады деді.