Біріккен Корольдік Парламентінде Ресейге қарсы санкциялар енгізу мәселесі талқыланған кезде Қазақстан туралы да сөз қозғалды. Бүгін осы мәселеге байланысты түсініктеме беру үшін Қазақстандағы Ұлыбритания елшісі еліміздің Сыртқы істер министрлігіне шақырылды. Бұл туралы Мәжілісте журналистердің сұрағына жауап берген Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев мәлімдеді.