Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеті тоқтады

2 наурыз күнгі мәжіліс отырысында депутаттар экс-президенттің үлкен қызы Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілетін тоқтатуға дауыс берді. “Қатысып отырғандар – 101 депутат, 99 депутат жақтап дауыс берді, бір депутат қалыс қалды” деді дауыс беруден соң мәжіліс спикері Ерлан Қошанов. Дариға Назарбаеваның өзі отырыста болмады. Бұдан соң Ерлан Қошанов орталық сайлау комиссиясының Саясат Нұрбекті “Аманат” (Қошановтың өзі отырыс кезінде “Нұр Отан” деді) партиясы атынан мәжіліс депутаты ретінде тіркегенін айтты. Саясат Нұрбек ант беріп, депутат қызметіне кірісті. Ол бұған дейін BTS Education компаниясының бас директоры қызметін атқарған.