БЖЗҚ 49 миллиард теңгеге өтінім мақұлдады. Зейнетақы жинақтарын алуға өтінімдер қабылдаудың алғашқы күні 10 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Олардың барлығын қор қызметкерлері сол күні-ақ, еш кідіріссіз қарады. 8 460 өтінім тексеруден сәтті өтті. Ал қалғаны заңнама талаптарына сәйкес келмейтіндіктен қабылданбады. Заңнамаға сәйкес “БЖЗҚ” АҚ-ға өтінім келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей қарайды. Қордың барлық техникалық және ақпараттық ресурсы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.