Түлектері жұмысқа орналаспаған колледждер жауапқа тартылады

Түлектері жұмысқа орналаспаған колледждер жауапқа тартылады. Жаңа талаптарға сәйкес осындай жауапкершілік күшейтілді. Түлектердің кемінде 75%-ы мамандығы бойынша жұмысқа орналасуы тиіс. Бұл туралы Алматы қаласы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнар Ермекбаева хабарлады. Айта кетейік, білім және ғылым министрлігі мен ұлттық экономика министрлігінің бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізілді. Құжат білім ұйымдарының білім беру саласындағы заңнаманы сақтау және жауапкершілігін күшейтуді көздейді. Сонымен қатар, 1 қыркүйектен бастап білім беру жүйесін мемлекеттік реттеудің жаңа бір тетігі мемлекеттік аттестациялау қолданысқа енгізілмек.