Бұл туралы криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Құдияр Нұрсейітов мәлімдеді. “Прагада ҚР ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша “Азия Авто – Бипек Авто” компаниялар тобы жетекшілерінің бірі, Шығыс Қазақстан облысында аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген А. ұсталды”, – деді Нұрсейітов. Қазір іс бойынша барлық айыпталушының қамауда отырғаны, оларды Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатқаны хабарланды.